СҚМУ-да 1 курс студенттерінің қабылдануы өтті

2019 жылы 27 тамызда М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да қабылдау комиссиясының отырысы өтті. Ол бас ғимараттың акт залында мерекелік жағдайда және бірінші курс студенттерді қабылдауға арналды. Іс-шараға университет ректоры Серік Өмірбаевпен  басқарушы  қабылдау комиссиясының мүшелері, сондай-ақ проректорлар, декандар, қызметкерлер және «іс-шараның басты қонақтары»- болашақ студенттер қатысты. Биыл олардың саны екі мыңға жуық.

Біздің университетке қабылдау 10 бағыт бойынша 51 білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. Оның ішінде 8 жаңашыл: «Биотехнология», «Өсімдіктерді қорғау және карантин», «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Бағдарламалық жасақтама сәулетшісі», «Роботты, интеллектуалды жүйелер мен аспаптар жасау», «Астрономия және қашықтықтан зерттеудің әдістері », « Экономика және бизнес».

Кездесу барысында факультет декандары университеттің тату отбасының құрамына енген барлық бақытты жандардың есімдерін жариялады.

«Баршаңызды оқуға қабылдануларынызбен құттықтаймын- сіздердің студенттік өміріңіздегі алғашқы маңызды оқиға. Біз сіздерді университет студенттері құрамының арасынан көруге қуаныштымыз!», - деді ректор Серік Өмірбаев.

27.08.2019