Финляндия елінің профессоры Eero Ropo М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ 2019 жылдың 23 тамыз күні  Финляндия елінің Тампера университетінің профессоры Eero Ropo келді. Ол біздің университетіміздің ректоры Серік Өмірбаевпен кездесті және студенттік қалашықтың бірқатар ғылыми және мәдени-демалыс орындарында болды.

Экскурсия робототехника, эксперименттік физика, нанотехнология және атом күші микроскопиясының зертханаларынан басталды. Содан кейін қонақтар судың ғылыми-технологиялық орталығының жұмысымен танысты. Шетелдік профессорды заманауи IT-орталығы қызықтырды.

Осыдан кейін делегация университетте халықаралық стандарттар бойынша салынған бассейні бар спорт кешеніне барды, онда студенттер мен оқытушылар білім алуға қуанышты. Университеттің тарихымен,  осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерімен, елдің солтүстік аймағындағы ең ірі жоғары оқу орнын құрудағы маңызды кезеңдерімен сонымен қатар, СҚМУ мұражайымен танысты.  

26.08.2019