М. Қозыбаев СҚМУ студенттері АРКТИКАДА!

Екінші жыл қатарынан М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері Орыс географиялық қоғамымен бірлесіп Ямал-Ненец Үкіметінің  Автономиялық округінің ұйымдастыруымен өткізілетін "Жасыл Арктика" экологиялық экспедициясының мүшесіне айналды. Қазақстан Республикасының барлық ЖОО-ның арасында тек біздің білім алушыларымызға ғана қатыса алды.

Еріктілер Ресей, Молдова, Израиль елдерінен болды. Қазақстанның атынан Нұрсейіт Әбдіразақов пен Роман Гиричев қатысты.

11 шілдеден бастап 10 тамызға дейін олар Вилькицкий аралының аумағын техникалық қоқыстан тазартумен айналысты: техника, цистерналар, бактар және кеңестік әскери базалардан қалған басқа да металл құрылымдары. Еріктілер қатарына түсу үшін біздің жігіттер әңгімелесуден және психологиялық тестілеуден, медициналық куәландырудан, содан кейін Салехард қаласында практикалық дайындықтан өтті. Содан кейін ғана Арктикадағы халықаралық экологиялық қозғалыстың қатысушысы болуға мүмкіндік алды. Жігіттердің айтуынша ең қиыны: субарктикалық климатқа бейімделу, полярлық күнге ұзақ дағдылану, ауа температурасының төмендігі, қатты жел, 100 метрге дейін көрінетін тұман болды. Бірақ ең басты қауіп – ақ аюлар болды.

"Біздің саяхатымыздың негізгі мақсаты-флора мен фаунаның қалыпты жұмыс істеуі үшін арал аумағын тазалау болды. Биылғы жылы біз жаңа рекорд еңгіздік. 60 га аумақтан 200 тоннаға жуық металл сынықтарын жинадық, 20-ға жуық құрылыс бөлшектелді. Мұнын барлығы аралды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізіміне қосу үшін жасалады", - деді Роман Гиричев.

Студенттер үшін бұл сапар тек қоғамдық - пайдалы іс болып қана қоймай, кәсіби білім алуға көмектесті: болашақ географтар осы бірегей табиғи аймақтың био алуан түрлілігімен танысып, кәсіби білімдерін толықтырды.

22.08.2019