Әскери кафедра түлектері "запастағы лейтенант" атағын иеленді

Ағымдағы жылдың тамыздың 14 күні М. Қозыбаев атындағы СҚМУ әскери кафедра бітірушілері «запастағы лейтенант» шендерін алып шықты. Осылайша түлектер еліне адал қызмет етуге жолдама алды. Әскери кафедрада студенттер сапалы біліммен қатар, патриоттық тәрбиеленген.

Атап өткен жөн, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әскери кафедрасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 наурыздағы құрылды. 21 жыл ішінде әскери кафедра шамамен 2500-ден астам запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлады. Әскери кафедраның түлектері Қарулы Күштер, Ішкі істер министрлігі, ҰҚК шекара әскерлерінде және Қазақстан Республикасының басқа әскери құралымдарында қызмет етуде.

Аталмыш салтанатты шараны әскери кафедраның бастығы, полковник Шайзатхан Абжапбаров құттықтау сөзімен ашты. Кейін ол лейтенанттарға әскери өмірдің тәртібіне төзіп, оқуда озат болғаны үшін алғыс хаттарды табыс етті. Жалпы биыл әскери кафедраны 221 түлек тәмәмдап отыр. Оның 19-ы қос бұрымды арулар.

Ресми түрде лейтенант шеніне қол жеткізген түлектер 2 жыл ішінде үйренген әскери ұрыстың әдістерін көрсетіп, салтанатты шараға келген қауымға шағын концерттік бағдарлама ұсынды.  Айта кетейік,  әскери кафедраны бітірген түлектер оқу ордамызды аяқтағаннан кейін қолдарына әскери билетті ала алады.  

14.08.2019