М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-ға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ольга Перепечина іс-сапармен келді

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ольга Перепечина келді. Аймақ басшысының орынбасары Руслан Әлішевпен бірге ол біздің университетке де соқты.

Меймандар "QYZYLJAR" студенттерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысып, Жоғары медицина мектебінің зертханаларын аралады. Содан кейін М.Қозыбаев атындағы СҚМУ басшылығымен кездесу өтті. Жиналғандарды құрметтей қарсы ала ректор Серік Өмірбаев жоғары оқу орнының жұмысы мен даму перспективалары туралы айтып берді. Бүгінде университет өңірдегі ең ірі жұмыс берушілердің бірі болып табылады – ұжым 1 мыңнан астам оқытушылар мен қызметкерлерден тұрады. 2018-2019 оқу жылында студенттер саны 7 мыңнан асты. 7 факультет пен Тіл және әдебиет институтында бакалавриаттың- 60, магистратураның- 33, PhD докторантураның- 6 білім беру бағдарламасы бойынша дайындық жүргізіледі. Олардың барлығы аккредитациядан өткен. Жоғары оқу орны дамудың жоғары көрсеткіштерін дәстүрлі түрде көрсетіп отыр. Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша ұлттық агенттік өткізген бас рейтингте М.Қозыбаев атындағы СҚМУ еліміздің барлық жоғары оқу орындарының арасында 11-ші орынды иеленді.

Сондай-ақ, Серік Өмірбаев оқу инфрақұрылымының жай-күйіне егжей-тегжейлі тоқталды. Университет аумағында 8 оқу ғимараты, кітапхана, денсаулық сақтау пункті, мұражай, медиаорталық, спорт залдар, жүзу бассейні, әскери кафедра бар. Оқу үй-жайларын жөндеу және ескірген зертханалық жабдықтарды ауыстыру қажет.

Ольга Перепечина Солтүстік өңірдегі білім, ғылым және мәдениеттің ірі орталығы ретінде жоғары оқу орны жұмысының жақсы динамикасын атап өтіп, проблемалық мәселелерді шешуге көмектесуге уәде берді. Кездесу соңында меймандар мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында қайта жаңартылған Театр көшесі бойындағы университет жатақханасына барып қайтты.

Фото Вадим Мударисовтың     

07.08.2019