"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Егер біздің қоғам дұрыс ұйымдастырылған болса, онда ғылымдардың ішіндегі ең маңыздысы педагогика болар еді, ал оның мақсаты әр балада өзіне тән және тек оған ғана тән асыл дарынын тауып, дамыту болар еді.

Борис Акунин

Әскери кафедрада әскери-далалық оқу жиыны басталды

2019 жылдың 9 шілде күнінен бастап М. Қозыбаев атындағы СҚМУ әскери кафедрасында әскери-далалық оқу жиыны бастау алды. Бұл запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша оқып жатқан 130-дан астам студенттің әскери дайындығының соңғы және шешуші кезеңі. Қазіргі уақытта барлық сабақтар әскери кафедраның базасында өтуде. Алайда 23 шілдеден бастап білім алушылар Ш.Уәлиханов атындағы кадет корпусының "Амандық" полигонына барады. Онда болашақ офицерлер тактикалық дайындық, қарудан ату және жауынгерлік көліктерді жүргізу бойынша нормативтерді тапсырады.

12.07.2019