Абитуриенттер медицина саласында психометриялық тестілеуден өтті

Қазақстанда 2019 жылдан бастап "Жалпы медицина" "Педиатрия", "Стоматология", "Мейірбике ісі" клиникалық мамандықтарына қабылдау ережелері өзгертілген болатын.  Абитуриенттер ҰБТ- дан бөлек, тағы психометрикалық тестілеуден де өтеді. Бұндай тест 10-11шілде күндері М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да да өтті. Жалпы Жоғары медицина мектебіне оқуға түсуге биыл 180 адам өтініш білдірген екен.

Тапсырушылар емтиханнан электронды формат өтті. Оларға 180 сұрақ және 2 сағат берілді. Егер талапкер тестілеудің 50 және одан жоғары пайызын жинаса, онда ол сынақтан бірден өтеді. Ал өте алмаған жағдайда, абитуриенттер оқуға түсіп, кейін унверситет оқытшылары оларды оқу барысында үйрететін болады. Сонымен қатар, бұл емтиханның ерекшелігі, талапкерлер психометриялық тестілеуді біздің ЖОО-да тапсырса да, еліміздің басқа қалаларына оқуға түсе алатын мүмкіндіктері бар.

Психометриялық тестілеу болашақ дәрігердің психологиялық мүмкіндіктері мен икемділіктерін анықтауға бағытталған. Студенттің адамгершілік қасиеттеріне, қарым-қатынас дағдыларына, сабырлылығына, салмақты дене еңбегіне қабілеттілігіне назар аударылады.

11.07.2019