М. Қозыбаев атындағы СҚМУ құрамасы БАҚ Спартакиядасына қатысты

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында "Журналистика" кафедрасының студенттері, оқытушылары мен Медиаорталық қызметкерлері 2019 жылдың 22 маусымында Солтүстік Қазақстан облысы бұқаралық ақпарат құралдарының спартакиадасына қатысты.

Жарыс Петропавл қаласының "Динамо" стадионында спорттың 7 түрі: волейбол, шағын-футбол, шахмат, арқан тарту, үстел теннисі, жеңіл атлетика, ботай сақа бойынша өтті. Турнирге "қалам мен микрофон акулалары" және жас тілшілер, операторлар, фотографтар, бейнеинженерлер, редакторлар және т.б. қатысты. Бұл турнирді өткізу журналистік цехтың барлық қызметкерлерін біріктіретін игі дәстүрге айналды. 

Біздің құрама шағын-футбол және 4*100 м эстафетасында "күміс" жүлдеге ие болды.

25.06.2019