Екі дипломды білім беру бағдарламасы бойынша магистранттарға дипломдар табысталды

2019 жылдың 24-ші мауысында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да екі дипломды білім беру бағдарламасы бойынша магистранттарға диплом табыстау рәсімі өтті. Яғни олар Ұлы Витовта университеті мен М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың түлектері атанды. Іс-шарада университет ректоры Серік Омірбаев түлектерге өзінің жылы лебіздерін білдіріп, оларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, жиынға Ұлы Витовта университетінің «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің деканы Саулюс Мицкевичусте қатысты. Ол екі ЖОО арасындағы ынтымақтастық туралы айтып, біздің университетке алғысын білдірді.

Бұл күні 2 университеттің дипломына «Экология» мамандығының 2 магистранты мен «Биология» мамандығының 2 білім алушысы ие болды. Дипломды Ұлы Витовта университетінің «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің деканы Саулюс Мицкевичус табыстады. Екі жыл оқу көлемінде магистранттар бір семестр Литва қаласында білім алып, практикадан өтті.

Сонымен қатар, салтанатты рәсімде бұл магистранттардан бөлек,тек біздің оқу ордамыздың дипломын аталмыш екі мамандық және «География» мамандығының да магистранттары қолдарына алды. Оларға құжаттарын университет ректоры Серік Өмірбаев ұсынды.

Бүгінгі күні ынтымақтастық аясында Ұлы Витовта университетінде бакалавриат бойынша М. Қозыбаев атындағы СҚМУ «Биология» мамандығының екі студенті білім алуда. Айта кету керек, 2017 жылы  Ұлы Витовта университеті мен (Каунас, Литва) біздің ЖОО-мыз  екі дипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыру туралы келісім шартқа отырған болатын және 2018 жылы алғашқы магистранттар екі дипломға ие болған.

Жалпы осы күні барлығы 14 білім алушы магистрлік дипломға ие болды.

24.06.2019