ҰБТ-ға дайындық мәселелері СҚО өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде талқыланды

2019 жылдың маусымның 19-ы Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі брифинг өткізді. Кездесуде ҰБТ-ге дайындық мәселелері кеңінен қарастырылды.

Ұлттық бiрыңғай тестiлеу жүйесiнiң енгiзiлгенiне биыл 15 жылдан асты. Республика бойынша былтыр үздiктер қатарынан көрiнген солтүстiкқазақстандықтар биыл да сол меженi бағындыруды мақсат етiп отыр. Жауапты сынаққа дайындық мәселелерi бiлiм саласы қызметкерлерiнiң басын тоғыстырған облыстық кеңейтiлген алқа отырысында талқыланды. Жиынға СҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Протопопова және М.Қозыбаев атындағы СҚМУ бірінші проректоры Ербол Исақаев жетекшiлiк еттi.

Биылғы жылы мектеп бiтiретiн түлектер саны 3327 адамды құрайды. Бүгiнгi күнi олардың 2159 яғни 65 пайызы ұлттық бiрыңғай тест тапсыруға өтiнiш бiлдiрген. Өткен жылмен салыстырғанда ниет білдірушілер саны 3 пайызға артты.

СҚО кейбір аудандары және Петропавл қаласының мектеп түлектері 24-30 маусым аралығында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ базасында сынақтан өтпек. Қатысушылар саны 1300 адамды құрайды. Оның 950-і ағымдағы жылғы мектеп түлектері, 350-і өткен жылғы мектеп бітірушілер. Айта кету керек, 1300 оқушылардың 7-сі ағылшын тілінде емтихан тапсырады.

Барлық ҰБТ тапсыратын оқу орындарында соның ішінде біздің университетімізде ұялы байланыстың сөндіргіштері, қол және рамалы металл іздегіштер, бейнекамералар орнатылған, сондай-ақ аудиториялар онлайн-трансляциялармен жабдықталады. Тестілеу әдеттегідей 5 пән бойынша өтеді. Биыл тест тапсырмаларының базасы 30 пайызға жаңартылыпты.

Брифинг барысында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ бірінші проректоры Ербол Исақаев 2019 жылдан бастап жоғары оқу орнына түсу үшін шекті баллдар өзгертілгенін мәлім етті. Мәселен, педагогикалық ғылымдарға - 60 балл, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) - 65 балл, басқа білім беру бағдарламалары-50 баллды құрайды. Университетімізде грантқа өтініш беру мерзімі 13-20 шілде аралығында өтеді.

20.06.2019