М. Қозыбаев атындағы СҚМУ қазақстандық ЖОО веб-сайттары- 2019 рейтингі бойынша 8-орынға лайықты

Елімізде білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі рейтингінің барлық бағыттарының қорытындылары белгілі болды. Аталмыш рейтинг жоғары оқу орындары қызметінің түрлі салаларын қамтиды және университеттердің сапасын анықтауға көмектеседі. Нәтижесінде қазақстандық ЖОО- ның веб-сайттары-2019 рейтингі бағыты бойынша М. Қозыбаев атындағы СҚМУ 8 орынға лайықты деп танылды.

Бұл көрсеткіш келесі критерийлер бойынша бағаланды:веб-сайт өлшемдері (беттер саны); ақпараттық толтыру (сайтта ұсынылған құжаттар саны); сайттың жаңартылуы; сайттың навигациясындағы дизайн және ыңғайлылық; сайттың мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде ұсынылуы; келушілердің саны; сайтқа сілтемелер саны; ақпараттық ұсынылу (БАҚ-та ескертілу саны); сайттың жылдамдығы; әлеуметтік желілер саны.

14.06.2019