«Инновация мен кәсіпкерлікті дамытуға университеттердің қосқан үлесі» Форумы

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры Серік Өмірбаев 14-15 маусым аралығында "Тұран" университетінде өткен "Инновация мен кәсіпкерлікті дамытуға университеттердің қосқан үлесі" халықаралық форумына қатысты. Іс-шараны Алматы қаласында Үштік спираль халықаралық Қауымдастығының қазақстандық өкілдігі – КП МАТС – (Triple Helix Chapter Kazakhstan) ұйымдастырды.

Оның спикерлері ҚР БҒМ, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы, ірі республикалық компаниялар мен қауымдастықтар, инновациялық кластерлер, Қазақстан мен Еуропаның жетекші жоғары оқу орындарының бірінші басшылары, менеджерлері болды.

"Бизнес-билік-ЖОО" кооперациясының қазақстандық моделі, университеттердің өнеркәсіптік сектормен интеграциялау жолдары, жоғары оқу орындарының бизнес-жобаларын дамыту мәселелері қамтылды , сондай-ақ "үштік спираль" тұжырымдамасын дамытудың халықаралық тәжірибесі зерделенді.

Пленарлық сессияда Серік Өмірбаев «М. Қозыбаев атындағы СҚМУ қызметіндегі инновациялық тәсілдер» тақырыбында баяндама оқыды.

Сондай– ақ, форум аясында бірқатар тақырыптық іс-шаралар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, пікірталастар және мастер-класстар өткізілді.

14.06.2019