М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Қазақстанның ең үздік көпсалалы ЖОО ұлттық рейтингінде 11 орында

Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің рейтингі Қазақстанның ең үздік жоғары оқу орындарының 2019 жылғы рейтингісінің нәтижелерін ұсынды. Еліміздің ЖОО көрсеткіштері 2008 жылдан бастап жарияланады. Академиялық статистикалық көрсеткіштер профессор-оқытушылар құрамы қызметінің сапасын, студенттер құрамын және оларды оқыту нәтижелерін, жоғары оқу орындарының ғылыми және инновациялық қызметін, халықаралық ынтымақтастықты, сондай-ақ университеттердің сайттарын бағалауды қамтиды.

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ жыл сайын түлектерді даярлау сапасын сыртқы тәуелсіз бағалау жүйесін дамыту, кәсіптік білім беру сапасының кепілдігін қамтамасыз ету саласында білім беру мекемелерінің қызметін ынталандыру мақсатында өткізілетін Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттіктің жоғары оқу орындарының Бас рейтингісіне қатысады.

Биылғы жылы оқу ордамыз бұл рейтингтің 11-ші орнына жайғасты. Осы игі жетістік университетіміздің одан әрі дамуы мен білім сапасының артуына септігін тигізбек.

Қазақстанның ең үздік көпсалалы ЖОО ұлттық рейтингі

 

13.06.2019