Жоғары медицина мектебі cтуденттері арасында анатомия және физиология бойынша көрме өтті

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да 2019 жылдың маусымның 6 күні Жоғары медицина мектебінің студенттері арасында анатомия және физиология бойынша көрме өтті. Аталмыш шараға 24 – ке жуық команда қатысты. Көрмеде адам денесінің мүшелері қолда бар күнделікті пайдаланып жүрген заттардан жасалған экспонаттар көрсетілді. Барлық жәдігерлердің бұлшық еттері мен басқа дене мүшелері балшық, мақта, светодиотты шамдармен жасалған.

Көрмеде 40 экспонат қойылды. Оның ішіндегілердің барлығы толық адам денелері емес, арасында бөлшектенген мүшелер де бар. Адам ағзасындағы бөліктердің қалай жұмыс атқаратындығын бүгінгі жиында жақыннан байқауға болады.

Айта кету керек, мұндай көрме оқу ордамызда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Осыған орай университет ректоры Серік Өмірбаев қатысушылармен тілдесіп, әр жұмысқа өз бағасын берді. Алайда, барлық жұмыстардың ішінде аса көзге түскені қозғыш жасушалар арасындағы функционалдық байланыстар, яғни синапстердің қызметін көрсете білген студенттер жүлделі 1 орынды иеленді. Олардың айтуларынша , бұл макетті 1 жұма көлемінде дайындапты. Синапсты пенопласт, светодиот және бояулармен жасаған екен.

 Мұндай практикалық жұмыстар  болашақ дәрігерлерге адам ағзасындағы мүшелердің қандай болатындығы жайында түсінік қалыптастырады.  Жиынның сонында жеңімпаздарға диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.

06.06.2019