Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Қазақстанда 1997 жылдан бастап 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Жаппай саяси қуғын-сүргін және қорқынышты аштық, миллиондаған адамның өліміне әкеп соқты. Қазақстан аумағында ГУЛАГ - АЛЖИР, Степлаг, Карлаг құрылымдарының ең ірі лагерлері болды. Қуғын-сүргін жылдары Қазақстан лагеріне 5 млн-нан астам адам жіберілді. Жазықсыз сотталғандардың арасында жерлесіміз, ақын М. Жұмабаев та болды. Кафедра оқытушылары мен студенттері м. Жұмабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

31.05.2019
Кафедра МД