"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында аймақтық студенттік ғылыми-практикалық конференция "Абай и Пушкин-созвучие двух сердец /Абай және Пушкин – екі жүректің үндестігі ".

Өткізу күні: 25.04.2019     Орны: 357/3     Уақыты: 16.00-17.40

  

Мақсаты: Абай Құнанбаев пен Александр Сергеевич Пушкиннің қазақ және орыс халықтарының ұлы данышпандарының рухани мұрасын насихаттау, әлемдік және отандық мәдениет пен әдебиет жетістіктеріне баулу, азаматтылық пен патриотизмге, өз Отанын сүюге, қазақ және орыс халықтарының тарихы мен тілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Міндеттер:

Оқу: А. С. Пушкин мен А. Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын зерттеу.

Тәрбиелік: Оқушыларды орыс және қазақ халықтарының мәдени игіліктеріне баулу, эстетикалық тәрбие беру.

Дамытушылық: Аса көрнекті Абай мен Пушкиннің шығармашылығына қызығушылықты арттыру.

Коммуникативті: Қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру және сөйлеу шеберлігі мен дағдыларын үш тілде бекіту (қазақ, орыс, ағылшын)

Құрал-жабдық: Абай мен Пушкин портреттері, Абай мен Пушкин шығармаларының көрмесі, өлеңдер жинақтары

Залдың рәсімделуі: Презентацияның мультимедиялық кешені, қазақ ою-өрнектері, кештің тақырыбы бар маңдайша жазулар, Абай мен Пушкиннің өлеңдері тақырыбындағы газеттер орыс және қазақ халық киімдері.

Қатысушылар: СҚМУ 1 курс студенттері (ТЭҚФ, АФ, ТжӘИ,ФМЕН), (барлығы 68 қатысушы)

 Көрермендер: «Шет тілі» кафедрасының меңгерушісі Олькова И.А., «Шет тілі» кафедрасының оқытушылары: Кораблина Т.Н., Токсанова Р.А., Умурзакова Т.Е., Пашкова Н.А., Сырымбетова Д.С., Енбахтова О.Н., Алешкина И.Х., Жунусова Р.Ш., қазақ және ағылшын тілдерінің оқытушысы Кадралина А.Г., № 10 мектеп оқушылары, М . Жұмабаев атындағы педколледждің қазақ тілі оқытушысы Омарова Б.С., М . Жұмабаев атындағы педколледждің студенттері, ФИЭП, АФ, ИЯиЛ, ФМЕН студенттері.

 Жауаптылар: "Шет тілі" кафедрасының оқытушылары,

магистрлері: Саутбаева А.К., Степаненко В.Г.

30.05.2019