Магистрлік диссертацияларды қашықтықтан қорғау өтті

2019 жылдың 23-ші мамырында  М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да екі дипломды білім беру бағдарламасы бойынша оқитын «География және экология» мен «Биология» кафедраларының түлектері диссертациялық жұмыстарын қорғады. Осымен екінші жыл қатарынан  білім ордамыздың магистранттары М. Қозыбаев атындағы СҚМУ дипломымен қатар европалық үлгіде, атап айтқанда, Ұлы Витаутас атындағы Литва университетінің де (Каунас қ.)  құжатына ие болуда.

Бұл жолы магистранттардың 4-уі Михаил Калашников, Ботагөз Амангелдина, Айдана Закирина және Ирина Лаптева 2 жыл уақыт аралығында қашықтықтан білім алды. Дегенмен де, олар  жарты жыл бойы Литвада да оқыған. Барлық жұмыстын нәтижесін қорытындылай отыра, олардың диссертацияны қорғаулары толықтай ағылшын тілінде скайп арқылы онлайн-қорғаудан өтті. Білім алушыларымыз шет елдік мамандарға өздерінің ғылыми зерттеулерін ұсынды. Олардың ғылыми жұмыстары Петропавл қаласының экотуризмін дамыту, СҚО топырақ жамылғысының экожүйесі, өңірдің суда жүзетін құстарының популяциясын талдау, жасымық сорттарын зерттеу және оларға биологиялық белсенді препараттардың әсері туралы байланысты болды.

Айта кету керек, жас ғалымдар қорғаудан сәтті өтіп, енді европалық үлгіде дипломға ие болмақ.

23.05.2019