Университетте мектеп оқушылары арасында үстел теннисінен сайыс ұйымдастырылды

2019 жылдың  21 мамырында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да мектеп оқушылары арасында үстел теннисінен жарыс өтті. Тартысты бәсекені әдеттегідей «Сұңқар» спорт клубы ұйымдастырды. Шараға барлығы 5 құрама қатысты.

Cпорт –адам денсаулығына жақсы әсер ететіні белгілі.  Қазіргі заманда үстел теннисі балалардың, студенттер мен жасөспірімдердің арасында өте танымал болып табылады, оған қоса адамның физикалық және психологиялық денсаулығына  аса пайдалы. Үстел теннисі әрқашан жылдамдыққа бағытталған қатал сайыс екені рас. Университет қабырғасында өткен жарысқа біршама оқушылар ат салысып жүлделі орындарды иеленіп, бағалы сыйлықтар алды.

Нәтижесінде: I орынға Қазақ мектеп гимназиясының құрамасы лайықты деп танылды. II орынға Назарбаев зияткерлік мектебінің командасы ие болды. III орын №4-ші орта мектепке бұйырды. IV орынды № 8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп кешені ұтып алса, V орынға  Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының құрамасы тұрақтады.

23.05.2019