М.Қозыбаев атындағы СҚМУ АРТА сараптау комиссиясы өз жұмысын бастады

2019 жылдың  мамырдың 20-сы күні Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) сараптау комиссиясы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да тексеру жұмысын бастады. Сарапшылар бірінші кезекте университет ректоры Серік Өмірбаевпен кездесті. Кейін олар оқу ордамыздың басшылығы, білім беру бағдарламаларының өкілдері, декандар мен ПОҚ жұмыс үдерісімен танысты.

Атап өткен жөн, аккредиттеуге білім ошағымыздың 16 білім беру бағдарламасы қатысуда. Оқу ордаға келген сарапшылардың негізгі мақсаты: ЖОО-да институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу рәсімін өткізу. Сондай-ақ, тексеру комиссиясы үшін М. Қозыбаев атындағы СҚМУ бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Онда сарапшылар университет мұражайы, денсаулық пункті, бассейн, кітапхана, обсерватория және коворкинг-орталығын аралады.   

Комиссия мүшелері енді келесі 2 күн ішінде университеттің білім беру қызметін аккредиттеудің арнайы стандарттарына сәйкестігін бағаламақ.

20.05.2019