«Жаратылыстану және ауыл шаруашылығы ғылымдары саласындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері» атты конференция

2019 жылдың 17 мамыр күні М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да академик Қазиз Тәшеновтың 90-жылдығына арналған «Жаратылыстану және ауыл шаруашылығы ғылымдары саласындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері» атты VII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Биыл бұл жиынға қатысушылар Гданьсктан Якутск қаласына дейінгі аумақты қамтыды. Конференцияға Польша, Молдова, Беларусь, РФ және еліміздің әр өңірінен жалпы саны 140-қа жуық баяндама ұсынылды. Осы ғылыми кездесу дәстүрге айналып, Қ.Тәшеновтың 90 жылдық мерейтойына орайластырылды.

Қазиз Тәшенов - биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан физиологтары қоғамының президенті. Сонымен қоса, ол академик Сәтпаевтың шәкірті, және ғалымның дүниежүзілік ғылымның дамуына қосқан үлесі зор. Профессор жүргізген зерттеулері нәтижесінде, халықаралық-гуманитарлық орденімен марапатталған.

Дара тұлға Солтүстік Қазақстан өңірінің Шал ақын ауданы, Ақсу ауылында дүние есігін ашты. Білімін Омбы және Алматы қалаларының ЖОО толықтырған. Бүгіндері Қазиз Тәшеновты орыс халқының академигі Павловтың физиология ілімін жалғастырушысы деп атайды. Іс-шарада академиктің өмір жолы мен ғылыми мұрасына арналған кітап таныстырылды.

Жиынға М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ғалымдары, оқытушылары, студенттері және академиктің алыс-жақын туыстары қатысты.

Айта кету керек, бүгін университетіміздің «Биология» кафедрасында Қазиз Тәшенов аудиториясы ашылды. Енді жыл сайын мамыр айында өздерін жақсы қырынан көрсете алған, «Биология» кафедрасының білім алушыларына Тәшенов атындағы төлемақы табысталмақ.

20.05.2019