М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Өзбекстандағы "Қазақстандық білім беру күндері" көрмесінде

2019 жылдың 13-15 мамыр күндері Самарқанд және Карши қалаларында "Қазақстандық білім беру күндері" халықаралық көрмесі өтті. Бұл алаң екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.

Көрмеде Қазақстанның 20-ға жуық жетекші жоғары оқу орындары, олардың қатарында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ да бар. Жиында университет өкілдері біздің жоғары оқу орны жетістіктерін атап өтті. Сонымен қоса, өзбек әріптестерінің арасында әлеуетті серіктестерді тауып, жергілікті жастарды Солтүстік Қазақстандағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу мүмкіндіктерімен кеңінен таныстырды. Нәтижесінде 30-дан астам адам біздің университетке қызығушылық білдірді.

Карши қаласында әкімшілік көрмеге қатысушылар үшін экскурсия ұйымдастырылды. Сонымен қоса, қалалық мектептерде кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді, біздің оқытушылар барлық мүдделі тұлғаларға, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ дайындық бағыттары бойынша кеңес берді. Және де білім беру бағдарламалары, жатақхана, сондай-ақ қабылдау комиссиясында оқу және тұру шарттары туралы айтты.

16.05.2019