№ 3 жатақханада өткен «Holidays in spring in English-speaking countries» атты дөңгелек үстелі

Күні: 26.04.2019        Уақыты: 19.00

Қатысушылар: ПФ (ДОВ-18),ФИЦТ (ДЗ-18), ФИЭП(Э-18,ГМУ-18) студенттері

 

26.04.2019 №3 жатақханада ағылшын-сөйлейтін елдердегі көктемгі мерекелерге арналған"Holidays in spring in English-speaking countries" атты дөңгелек үстел өтті. ГМУ-18 тобының студенті Богдан Седунов "Mother' s Day" тақырыбы бойынша қызықты баяндама жасады. Бұл мерекенің шығу тарихы өте қызықты және танымы мол. Баяндамадан кейін студенттер пікір алмасып, осы күнді өз отбасыларында қалай атап өтетіні туралы, еліміздегі барлық маңызды мерекелерді атап өту дәстүрін жалғастыру қажеттігі туралы айтты.

Э-18 тобының студенті А. Туякова және ДЗ-18 тобының студенті А. Груне "Easter in English-speaking countries"тақырыбында презентация дайындады. Осы іс-шараға қатысқан студенттер қызықты және жаңа ақпарат алды. Көрнекі материалды атап өту керек.

 

Жауаптылар:

«Шет тілі» кафедрасының аға оқытушысы Кораблина Т.Н.

«Шет тілі» кафедрасының аға оқытушысы Штро О.Г.

«Шет тілі» кафедрасының аға оқытушысы Исмагамбетова Л.Ш.

14.05.2019