М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері X Жазғы Универсиадаға қатысты

2019 жылдың сәуірдің 28-інен 7 мамыр аралығында Өскемен қаласында X Жазғы Универсиада өтті. Дүбірлі додаға М.Қозыбаев атындағы СҚМУ 8 адамнан құралған құрама қатысып, жалпыкомандалық 4-ші орынға ие болды. Аталмыш республикалық жарысқа 9 университеттің құрамалары ат салысты. Спортшыларды «Дене және әскери тәрбие теориясы мен әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Иван Буняшин жаттықтырады.

Универсиадада біздің студенттер қашықтыққа жүгіру, секіру, ядро, диск лақтыру және эстафета айналымдарында бақталасты. Айта кету керек, жүгіру бойынша студенттер 100, 200, 400, 800 және 1500 метр қашықтықта сынасты.

Нәтижесінде, жеке біріншілік бойынша: 100 м қашықтықта Анастасия Заводина – I орын; Евгений Киселев -  I орын; Бақыт Алтайқызы – III орын; Владислав Айдаков – VII орын;

200 м қашықтықта Данияр Ерназаров – VI орын;

400 м қашықтықта Александр Кондрат – V орын; Данияр Ерназаров – II орын;

800 м қашықтықта Александр Кондрат - I орын; Аян Кошимов – III орын.

Үштік секіру бойынша:  Евгений Киселев – I орын;

Дискті лақтыру бойынша: Никита Воробьев - I орын;

Ал эстафеталық жарыста СҚМУ құрамасы жүлделі 2-ші орынға лайықты деп танылды. Университетіміздің спортшыларын кезекті жеңісімен құттықтаймыз!!!

08.05.2019