Пікірсайыс турнирі

2019 жылы 28 ақпан М. Қозыбаев атындағы CҚМУ ТжӘИ Жастар ісі жөніндегі комитеті  "Қазақ тілінің латын графикасына көшуі" атты пікірсайыс турнирін ұйымдастырды.
Қатысушылар Британдық парламенттік формат бойынша ойнады. Аталмыш турнирдің арқасында қатысушылар жақсы тәжірибе алып, өз көзқарасын қалыптастырып,  дәлелдей алды.
Нәтижесінде, бірінші орынды "Белсенділер" командасы, екінші орынды "Волонтерлер" құрамасы иеленді. Турнир соңында жеңімпаздар сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

 

05.05.2019