Республикалық олимпиадаға қатысқан студенттерді марапаттау рәсімі өтті

2019 жылдың мамырдың 3-і университетте  ЖОО арасындағы республикалық пәндік олимпиадаларға қатысқан студенттерді марапаттау рәсімі өтті. Шараға М.Қозыбаев атындағы СҚМУ қызметкерлері, білім алушылары және сыртқы сараптау комиссиясының мүшелері ат салысты.

Ұйымдастырушылар №1 оқу корпусының фойесінде қызыл кілем төсеп, барлық зияткерлік жарыста сынға түскендердің атын атап, қошеметпен қарсы алды. Олардың арасында жеке біріншілікте және командалық бәсекеде жақсы нәтиже көрсеткен білім алушылар болды. Сонымен қоса, ЖОО магистранттары мен студенттері арасындағы олимпиадада өзгеше номинация иегерлері де ілтипатқа бөленді.

Университетіміз қатысқан 26 республикалық олимпиаданың 23 жүлделі оралды. Нәтижесінде: жалпы командалық бес I-ші орын, II-ші орынға үш студент, III-орынға алты, жеке біріншіліктен 3 білім алушы ие болды. Барлығы жеңімпаз бен жүлдегерлірдің саны 63 адам.

Содан соң, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры Серік Өмірбаев біздің студенттерге   үлкен алғысын білдірді. Алдағы уақытта білім алушыларға оқуда озат және болашақта бұданда жоғары нәтиже көрсетулеріне тілектес екенін айтты.

Шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Онда оқу ордамыздың талантты жастары өз өнерлерін паш етті. Добырамен күмбірлеген күй ойнап, әуелете ән шырқалды. Айта кету керек, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ білімді жастарға әрдайым қолдау көрсетеді.

04.05.2019