М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да Дарынды жастар байқауы өтті

2019 жылдың 2-ші мамырында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да алғашқы рет Дарынды жастар байқауы өтті. Оны білім ордамыздың студенттік клубы  Жастар жылына орай ұйымдастырды. Сайыста университетіміздің талантты жастарынан бөлек, Петропавл қаласының өнер колледжін биыл тамамдап жатқан түлектері де бақтарын сынады.

Барлығы 13 адам қатысты.  Шығармашыл жастар барынша өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің көңілін көтере білді. Негізінен олар әртүрлі жанрда ән айтып, шығыс елдерінің биін биледі. «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ- домбыра» демекші, байқауда қатысушылар домбырамен де күй тартты.

Байқаудың нәтижесі бойынша үшінші орынмен Тарих, экономика және құқық  факультетінің студенті Юлия Чернобай марапатталып, 30 мың теңгеге ие болды, екінші орынға лайықты болып Тіл және әдебиет институтының білім алушысы Абиджан Шайлавбаев атанып, 40 мың теңгемен марапатталды. Жүлделі орын Педагогика факультетінің дарынды студенті Диас Серікбайға бұйырып, 50 мыңтеңге сыйға тартылды. Ал Петропавл қаласындағы өнер колледжінің білім алушысы Бүркіт Жанай ағылшын тіліндегі әнін орындап, М. Қозыбаев атындағы  СҚМУ ректорының грантын оқу жылының барлық мерзіміне жеңіп алды. Барлық қатысушыларға естелік ретінде сертификаттар берілді.

03.05.2019