М. Қозыбаев атындағы СҚМУ екінші корпусында өрт-тактикалық жаттығулар өткізілді

2019 жылдың 30 сәуір күні М. Қозыбаев атындағы СҚМУ 2 оқу корпусында ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.

Аңыз бойынша, 2 қабатта орналасқан кітапханада электр сымдардың қысқа тұйықталуы нәтижесінде кітаптар тұтана бастаған. Өрт тез арада тарап, барлық жиһаздар мен баспалдақтардың түтіндеуі орын алды. Сол сәтте адамдарды эвакуациялау туралы  дабыл іске қосылды. ЖОО қызметкерлері төтенше жағдай кезіндегі ережелер мен нұсқаулықтарды орындады. Және қауіпті жағдай туралы ақпаратты өртке қарсы қызметке хабарлады. Оқиға орнына 9 бірлік техника және 30-дан астам өрт сөндірушілер келіп жетті. Төтенше жағдайлардың жедел штабы университетімізге өрт сөндіру күштері мен құралдарын көптеп әкелді.

Іс-шара барысында оқу залында бірнеше адам қалып қойған, олар терезе ойықтары арқылы орталық кіреберістің тамбурының күнқағарына кіріпті. Құтқарушылар оларды сол жерден баспалдақтар мен құтқару батуттарының көмегімен астына түсірді. Төтенше жағдайдан барлығы 300-ден астам қызметкерлер, оқытушылар мен студенттер қауіпсіз алаңға көшірілді.

Өртті сөндіру және адамдарды құтқару бойынша барлық шаралар аяқталған соң бірлескен жұмыстың қорытындысы шығарылып, өрт сөндірушілердің және ЖОО әкімшілігінің іс-әрекеттері түзетілді.

Айта кету керек, ағымдағы оқу жылы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да төртінші рет өрт-тактикалық жаттығулар өтуде. Олар жоспарлы және шұғыл түрде ұйымдастырылады.

02.05.2019