CҚМУ-да жайдарман ойындарының орысша лигасы өтті

«Бірілігіміз жарасқан!» ұранымен 2019 жылдың сәуірдің 16 күні жайдарман ойындарының орысша лигасының финалдық ойындары өтті. Студенттік клубтың ұйымдастыруымен өткізілген шараға университетіміздің және қала колледждерінен 4 команда өнер көрсетті. 

Құрамалар  3 кезең бойынша сайысқа түсті. Олар: сәлемдесу - команда туралы жалпы көрініс беру; ширату - яғни әділ-қазы берген сұрақтарға әзілмен жауап қайтару; музыкалық үй тапсырмасы - қалжындарды әуенге салып жеткізу. Көңілділер мен тапқырлардың әзілдері әдеттегідей қоғам мен саясаттағы түйіткілді мәселелерге, елдегі жалпы ахуалдар мен егеменді елдің жетістіктеріне толы болды. 

Тартысты өткен сайыстың нәтижесінде үшінші орынды «Амстердам» мен «От души» командасы иеленді. Екінші орынға «Мужская сборная» құрамасы тұрақтады. Ойынның чемпиондары  «Трио имени Гурбангулы Бердимухамедова» командасы атанды. Ал, «Үздік актер» номинациясын - Гамзат Кабиденов  ұтып алды.

17.04.2019