«Нұр Отан» партиясы «Болашақ» филиалының кезектен тыс XIX конференциясы

2019 жылдың сәуірдің 16-сы күні М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да  "Нұр Отан" партиясы «Болашақ» филиалының кезектен тыс XIX конференциясы өтті. Жиынға университетіміздің оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты. Аталмыш конференция жұмысын «Нұр Отан» партиясы "Болашақ" аймақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Александр Зель ашып, алда келе жатқан сайлаудың маңыздылығын атап өтті. 

Кездесуде  алдымен, партияның ағымдағы жылы енгізілген 4 маңызды ұлттық жобалардың жүзеге асырылуы талқыланды. Олар: «Бақытты отбасы», «Құтты мекен», «Ауыл – Ел бесігі» және «Халыққа көмек». Бірнеше бөлімнен тұратын бағдарламалар, алдағы уақытта еліміздің жан-жақты дамуы мен қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға арналған. Экономикалық тұрғыдағы жетістіктер арқылы, қарапайым халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталды.

Сонымен қатар, жиын барысында "Нұр Отан" партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының XXX кезектен тыс конференциясына делегаттар сайланды. Атап өту қажет, филиалдың делегаттар құрамына 10 адам кіреді.

17.04.2019