Экономика пәнінен республикалық олимпиададағы жеңіс

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері "Экономика" мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары атанды. Шара 2019 жылдың 5 сәуірінде Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде өтті.

Олимпиадаға Қазақстанның 14 жоғары оқу орны ат салысты.  "Экономика" кафедрасының студенттері Даниил Дитюк, Елена Скиба және Альбина Рашитова І-ші жалпы командалық орынды иеленді. Олардың жетекшісі-аға оқытушы Терехин А. Н. 

Сондай-ақ, шарада Даниил Дитюк "Үздік экономист" Құрмет грамотасымен марапатталды. Біздің "15 регион" командасын осы тамаша жеңісімен құттықтаймыз! Осы жетістік біздің жоо-да экономика бойынша келесі республикалық олимпиаданы өткізуге мүмкіндік берді.

09.04.2019