М. Қозыбаев атындағы СҚМУ делегациясы Тайынша және Аққайың аудандарына іс-сапармен барды

2019 жылы наурыздың 13-ші жұлдызында оқу ордамыздың делегациясы Келлеревка ауылына барды. Жалпы, өткізілген шараның мақсаты – мектеп бітірушілеріне білім ордамыз жайлы толыққанды ақпарат таратып, кәсіби бағыт беру болып табылады. Жиынға түлектермен қатар олардың ата-аналары да қатысты. Ал оқу ордамыздың білікті оқытушылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, студенттердің өмірі жайлы қызық тұстарын баяндап берді.

Шара барысында жиналған қауымға  университетіміздің ректоры Серік Өмірбаев ЖОО-мыздың жетістіктері және білім беру бағдарламалары жайында және ашылған жаңа факультеттерге де тоқтала кетті. Жалпы, бүгінгі күні өңір бойынша мектеп түлектерінің 30% М. Қозыбаев атындағы СҚМУ кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша ақпаратпен қамтылған. Білім ордамыздың комиссиясының жауапты хатшысы Алмас Кенжегалин шара барысында университетімізде жаңа өзгерістер пайда болғанын айтты.   Келлеревкадан кейін университет өкілдері Чкалово ауылында мектеп бітірушілермен кездесті. ЖОО-мыздың факультет декандары оқушыларды қызықтарын сұрақтарға барынша жауап берді.

Ал 14-ші наурызда делегация Аққайың ауданына іс-сапармен аттанды. Жалпы осы жылы бұл ауданнан 81 оқушы мектеп табалдырығын аттамақ екен. Аудан әкімінің орынбасары Самат Сарсымбаев жиында өңірдің мектеп тәмамдаушылары жайында айтты. Жалпы, былтырғы жылы Аққайың ауданында 112 түлек мектеп бітірген, ал олардың қырығы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-ға оқуға түсіпті. Ал биыл осы өңірден 45 оқушы ЖОО-ға оқуға түсуді жоспарлауда екен.

Жиын соңында білім ошағымыздың шығармашыл жастары дәстүрге айналған концерттік бағдарламаларын ұйымдастырды. Студенттер өздерінің өнерлерін көрсетіп, көрермендердің көңілдерін көтере білді.

15.03.2019