М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ға ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ҚҰАУ-дан профессор келді

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша М. Қозыбаев атындағы СҚМУ  алматылық Қазақ ұлттық аграрлық университетінен «Агрономия» кафедрасының профессоры Қуаныш Жоламанов келді. Ол университетімізде 2019 жылдың наурыздың 11-16 аралығында агротехнологиялық факультеттің студенттері және магистранттарына сабақ бермек.

Сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасының арқасында осы уақытқа дейін қанша студенттеріміз білім алып қана емес, сонымен қатар озық үлгіде тәжірибе алмасуда.  Агрономия саласында 25 жыл көлемінде қызмет атқарып келе жатқан ҚҰАУ профессоры  Қуаныш Жоламановтың келуі оқытушылар мен магистранттар және студенттер үшін тамаша мүмкіндік деп айтуға болады. Профессор 2 жыл қатарынан  университет қабырғасында оқытушылар мен студенттерге семинар сабақтарын және мастер-класстарын өткізіп келеді. «Студенттердің агрономия саласында білімдері былтырғы жылға қарағанда біраз жетілгендігін байқадым», - дейді Қуаныш Жоламанов.

Университет студенттері осындай халықаралық байланыс жұмыстарының нәтижесінде тілдерді меңгерумен қатар, оқу пәні мазмұны туралы көптеген мәліметтер алып білімі толады, сонымен қатар еңбек нарығындағы мамандар сұранысына төтеп бере алады.

15.03.2019