СҚМУ-да 8-наурыз мейрамы кеңінен аталып өтті

2019 жылдың 7 наурызында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ жыл сайынғы дәстүр бойынша әйелдер мерекесін сән-салтанатпен қарсы алды. Әдемі безендірілген сахнада оқу ордамыздың оқытушылары мен өнерпаз жастары ән мен күйден шашу шашты.

Білім ордамыздың ректоры Серік Өмірбаев ЖОО білімі мен ғылымын өркендету жолында аянбай еңбек етіп жүрген әйел ұстаз-ғалымдарға, студенттерге  бейнеүндеуін жолдап, жүрекжарды ақ тілектерін білдірді. Сондай-ақ, университет ұжымының ер адамдары да нәзікжандыларды мерекемен құттықтады.

Салтанатты мерекеде университетіміздің дамуына үлес қосқан 18 оқытушылар мен қызметкерлерге М. Қозыбаев атындағы төс белгісі берілді. Тағы 13 нәзікжандыға ректор грамотасы және алғыс хат табысталды. Осындай тамаша кештің куәсі болған – әйелдер қауымы мерекелік жиынға да, оны дайындаған ер-азаматтарға дән риза болды.

Атап өткен жөн, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ерлері биылғы жылы да дәстүрлі 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін өте жоғары деңгейде өткізді. Сахна мерекеге сай безендіріліп, мейрамды кештің әсерін арттыра түсті.

07.03.2019