ЖІК университетімізде еріктілер қозғалысының жұмысын ұйымдастырды

2019 жылдың 1 наурызда М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да Жастар ісі жөніндегі комитет еріктілер қозғалысының жұмысын ұйымдастырды. Бұл әр түрлі мамандықтарда оқитын жастарды басқаларға көмектесу, өсу және дамуға деген ықылас біріктіреді. Студенттердің осы бастамасын Жастар ісі жөніндегі комитет барынша қолдайды.Университетімізде "Кәсіби мамандар мектебі" жобасы аясында еріктілер мен белсенділерге арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Сабақты тәжірибелі психолог, ҚР Ұлттық бапкерлер пулының мүшесі Ғалия Баязитова өткізді. Тренингте студенттер жағымды әсерлермен қатар, білімдерін толықтырды. Сондай-ақ, семинар барысында олар командаларда біріге жұмыс жасап, әр түрлі жаттығуларды орындады.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, осындай оқыту семинарларды өткізу дәстүрге айналмақ. Мәселен, екі аптадан кейін еріктілер шешендік шеберлікті шыңдайды. Атап өту қажет, Жастар ісі жөніндегі комитеттің волонтерлік қозғалысына М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 50-ге жуық студенті қатысты.

06.03.2019