М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері арасында қысқы көпсайыстан жарыс

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері арасында қысқы көпсайыстан жарыс 2019 жылдың 13-ші ақпанында өтті. Дүбірлі доданы "Сұңқар"  спорт клубы ұйымдастырды.

Жарыс бағдарламасы екі кезеңнен тұрды: күш гимнастикасы, ерлер тартылудан жарысса,ал қыздар жатып сығымдап көтеру және барлығы шаңғы тепті. Қатысушылар №2 спортзал қабырғасында және Есіл өзенінің жағалауында таза ауада өз шеберліктерін көрсетті.  Шаңғымен қыздар 3 км қашықтықта, ал ерлер 5 км-ге сынасты. Олар бұл сынақтан еш қиындықсыз өтті.  Жарысқа барлығы 50 спортшы қатысты.

Ерлер арасында күш гимнастикасында Мақсат Артық өзін жақсы көрсете білді, ол 43 рет созылды. Қыздар арасында Юлия Шведная үздік атанды.

Нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер кестесі төмендегідей болды: ұлдар арасында: 1 орын –ПФ, 2 орын –ИСТФ, 3 орын–ТжӘИ. Қыздар арасында алтынды - ПФ, күмісті – ТжӘИ қанжығасына байлады.

Ал командалық есепте жарыс нәтижесі бойынша сөзсіз жеңіс педагогикалық факультетке бұйырды. Бұл факультеттің студенттері 5 наурызда Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан чемпионатында біздің ЖОО намысын қорғамақ.

14.02.2019