Ақпараттар Жаңа оқулықтарды енгіземіз ("Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында)

Өздеріңіз білетіндей, 2018 жылы 12 сәуірде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен оқулықтардың тұсаукесері өткізіліп, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы аясында 2018 жылы 18 жаңа оқу құралы аударылды және ұсынылды. 2018 жылдың сәуір айының соңында М.Қозыбаев ат. СҚМУ-ға 3546 дана  оқулықтары әкелінді. Жазғы кезеңде мұғалімдер жаңа оқулықтармен танысып, 2018-2019 оқу жылының басынан бастап оларды оқу үдерісіне белсене енгізе бастады. Жаңа оқулықтарды кеңінен тарату мақсатында университет кітапханасы университет сайтында орналастырылған виртуалды кітап көрмесін жасады.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының бастамасымен 2019 жылдың 13 ақпанында оқытушылар мен магистранттармен, «Рухани жаңғыру» Солтүстік Қазақстан жобалық кеңсесінің СҚО «Нұр Отан» партиясының «Болашақ» филиалының өкілдерінің қатысуымен, «ЖОО-ның оқу-білім беру үдерісіне қазақ тілінде 100 жаңа оқулықтарды енгізу» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.

Семинар барысында тек оқу қызметінде ғана емес, тәрбие жұмысында да жаңа оқулықтарды белсенді пайдалануға мүмкіндік беретін практикалық ұсыныстар әзірленді.

Семинар ұсыныстары

14.02.2019
ДИО ОПиИК