Lund университетіндегі семинар

2019 жылғы 4-8 ақпан аралығында Erasmus + бағдарламасы шеңберінде TRUNAK "Transition to University Autonomy in Kazakhstan" ("Қазақстандағы университеттік автономияға көшу») жобасының жұмыс тобы Лунд университетінде (Лунд қ., Швеция) өткен халықаралық семинарға қатысты.

Қазақстандық бес ЖОО, Швеция, Италия, Словения және Финляндия университеттерінің өкілдері Франция және Ұлыбританиядан келген Еуропалық Университеттер Қауымдастығының сарапшыларымен бірге университеттер қызметінің негізгі төрт аспектісі бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының автономиясының баламалы үлгілерін талқылады. СҚМУ-ды университеттің ректоры С. М. Өмірбаев пен "Шет тілдер" кафедрасының меңгерушісі И. А. Олькова таныстырды. Бірлескен нәтижелі жұмыс нәтижесінде ҚР жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында академиялық, кадрлық, ұйымдастырушылық және қаржылық автономияны қамтамасыз ету үшін Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің элементтерін өзгерту бойынша ұсыныстар әзірленді.

13.02.2019