М. Қозыбаев атындағы СҚМУ кәсіби-бағдар беру жұмыстары жалғасуда

2019 жылдың ақпанның 13-і М. Қозыбаев атындағы СҚМУ кезекті аудандық кәсіби бағдар беру жұмыстарын өткізді. Бұл жолы оқу ордамыз Мамлют ауданына аттанды. Делегация құрамына – университет ректоры Серік Өмірбаев, факультет декандары және білім ордамыздың өнерлі жастары кірді.

Шараның мақсаты – мектеп түлектеріне оқу ордамыз жайлы толыққанды ақпарат таратып, кәсіби бағыт беру. Сол себепті университетіміз бұл міндетті ескере отырып, мектеп оқушыларына осындай талап қойып отыр. Оқу ордамыздың білікті оқытушылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, студенттердің өмірі жайлы қызық тұстарын баяндап берді. 

Қонақтарды Мамлют ауданы әкімінің орынбасары қарсы алып, университетіміздің өкілдеріне алғысын білдірді. Іс-шара ректордың мектеп оқушыларына болашақ бағыты мен оқу орындарын таңдау мәселесін шешуге көмек бере отыра, дайындығын арттыруға ақыл-кеңесімен жалғасын тапты.

Университеттің әр факультетінен барған өкілдер басқосуда оқушыларға өздері дайындайтын мамандықтар жайында кеңінен мағлұмат берді. Кәсіби бағдар беру тобы сондай-ақ, университеттегі қосдипломдық білім беру жүйесі, әлеуметтік көмекке мұқтаж студенттерге жәрдем көрсету үрдісі, оқу процесіне қатысты материалдық база жайында және ер балалар үшін әскери кафедрада оқу мүмкіндігі туралы да ақпараттар берді.

Кездесу өте қызықты өтті. Дәстүр бойынша университетіміздің өнерлі жастары концерт қойып, ән шырқады. Есесіне университетімізге тарту ретінде Мамлют қаласының мектеп – интернатының тәрбиеленушілері ән салып, мың бұралып би биледі.

13.02.2019