Университеттің тарих мұражайында студенттер үшін арналған шолу экскурсиялары өтуде

2019 жылдың 11 ақпан күні Жоғары медицина мектебі студенттері университет тарихымен тереңірек танысты. Болашақ дәрігерлер өздері білім алып жатқан ЖОО тарихынан сыр шертетін залдағы жәдігерлерді қызыға қарап шықты. Сондай-ақ, олар университетіміздің 80 жылдық мерей тойына арналған медиорталық дайындаған бейнефильмді де тамашалады. Бұнымен қоса, Академик  Манаш Қозыбаевтың өмірі мен шығармашылығынан дәріс тыңдап, археология, этнография залдарындағы Жастар ботай мәдениетінің материалдарына басқа да тарихи деректерге ерекше қызығушылық танытып,  экскурсияның белсенді тыңдаушылары болып қайтты.

12.02.2019