«Студентке электронды цифрлық қолтаңба беру» акциясы

2019 жылдың 12 ақпанында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да әр студентке электронды қолтаңба беру акциясы өтті. Аталмыш жиынға оқу орданың студенттері мен оқытушылары, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО бойынша департаменті өкілдері қатысты.

Атап өту қажет, бұл кездесуде мемлекеттік қызметтерді электронды түрде қалай алуға болатындығы жайлы көрсетілді. Сонымен қоса, жиын барысында жалпы www.egov.kz порталына тіркелген азаматтар туралы үшінші тұлға өкілдері мекенжай, жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар, сотталғандықтың болуы немесе болмауы туралы анықтамаларына сұраныс жасай алатындығы туралы айтылды.

Сондай-ақ, акцияда бұл қызметтерді онлайн түрде қалай қолдану керектігі де  қозғалды. Яғни, «Мобильдік үкімет» жобасы шеңберінде www.egov.kz мобильдік қосымшасы жасалған болатын. Бұл қосымша Android, iOS, Windows Phone жүйелері бар смартфондар пайдаланушылары үшін онлайн дүкендерде қол жетімді. Осы қызметті пайдалану үшін азаматтардың мобильдік деректер қорында тіркелуі қажет. Ол үшін пайдаланушы электрондық үкімет порталының «жеке кабинетіндегі», «телефон» нөмірлерін енгізіп, осылайша өзіне www.egov.kz порталындағы mGov мобильдік қоры арқылы тіркеле алады. Осы  мемлекеттік қызметтерді электронды түрде пайдаланған азаматтар арнайы «Digital agent» мобильдік қосымшасында пікірлері мен ұсыныстарын білдіре алады. Аталмыш шараның негізгі мақсаты - келешек ұрпақтың арасында мемлекеттік электронды қызметті ынталандыру.

12.02.2019