"Modernization of education – the key factor of human resource quality improvement" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

2018 жылдың 11 желтоқсанында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да "Modernization of education – the key factor of human resource quality improvement" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл конференцияның бірегейлігі мен маңыздылығы -  ағылшын тілінде өткізілуі.

Конференцияны М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың Тіл және әдебиет институты ұйымдастырды.

 

Конференцияның аясында үш секция жұмыс істеді. "Шет тілі" кафедрасы Қазақстан Республикасындағы үштілде білім беру мәселесіне арналған “Polylingual education in the school-college-university system” атты секцияның жұмысына жауапты болды. Секцияның жұмыс барысында баяндамашылар көптілді топтардың жұмысына қатысты өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың ПОҚ құрамы ғана емес, бакалавриат пен магистратураның студенттері де баяндама дайындап, аудиторияның сұрақтарына жауап бергендері қуантады. Секцияның отырысы мазмұнды және белсенді, тартымды өтті. Секция жұмысының соңында конференцияның барлық баяндамашыларына сертификат берілді.    

11.02.2019