СҚО бойынша "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ аймақтық филиалында семинар өтті

2019 жылдың 8-ші ақпанында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ  СҚО аймақтық филиалында, осы филиалдың ұйымдаструымен «Мемлекеттік бағдарламалар бойынша ШОБ мемлекеттік қолдау шаралары» атты семинар өтті.

Іс-шараға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ  мен  әкімдігінің туризм және кәсіпкерлік басқармасының өкілдері,  М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың  Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Ақмарал Ыбыраева , университет оқытушылары, ғалымдар және оқу ордамыздың жас ғалымдары қатысты. Аталмыш семинардың мақсаты: жақсы нәтиже көрсеткен ғалымдардың ғылыми жобаларын әрі қарай коммерциялизацияландыру болып табылады.

Кездесу барысында мемлекеттік бағдарламада шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған шаралар туралы, бизнес-идеяларды және стартаптарды жүзеге асыру үшін субсидиялар мен гранттар туралы әңгіме болды. Жалпы, «Даму» кәсіпкерлік дамыту қоры 16 млн. Теңгеге дейін қаражат бөледі. Біздің ЖОО-да  қазір 30 ғылыми-зерттеу жұмыстары коммерциялизацияландырылуға дайын.

 

08.02.2019