М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да «Латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшу жоспарын әзірлеу туралы» семинар өтті

2017 жылдың 26 қазанында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ тілін кириллицадан латын графикасына ауыстыру» туралы Жарлығы жарияланған болатын және аталмыш міндетті жүзеге асыру аясында білім ордамызда латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшу бойынша 2018-2025жж. арналған іс-шаралар Жоспары әзірленген.

2019 жылдың 10-шы қаңтарында М. Қозыбаев атынадағы СҚМУ-да «Практикалық қазақ тілі» кафедрасының ұйымдастыруымен (білім беру мекемелерінде)  «Латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшу жоспарын әзірлеу туралы» аймақтық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинарда латын графикасына байланысты баяндамалар оқылып, презентациялар көрсетілді. Жанар Таласпаева, СҚО «Рухани жаңғыру» жобалау кеңесінің жетекшісі, қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары мен орфографиялық ережелері жайында айтып, мысалдар келтірді.

Жалпы, жоспардағы іс-шаралардың негізгі мақсаты: университет оқытушылары, қызметкерлері мен студенттеріне қазақ тілін кириллицадан латын графикасына ауыстыру себептері мен қажеттілігін түсіндіру; 2021 жылдан бастап латиницаны педагогикалық және гуманитарлық мамандықтарда (1,2 курс), 2022 жылы – барлық мамандықтарда (1,2 курс), 2023 жылдан бастап 3-7 курстарда енгізу болып табылады.

14.01.2019