Алексей Савостин - "ЖОО-ның үздік оқытушысы"

2018 жылдың желтоқсанның 28-і ҚР Білім және ғылым министрлігінің Республикалық конкурстық комиссиясының отырысында "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағы еліміздің 200 оқытушысына берілді. Олардың қатарында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ "Энергетика және радиоэлектроника" кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты Алексей Савостин да бар. Атап өткен жөн, байқауға Қазақстанның 80 университетінен 481 үміткер қатысқан.

Алексей Савостинді шын жүректен осынау жоғары атақ алуыңызбен құттықтаймыз!

14.01.2019