Рухани жаңғыру және үштілді білім беру бағдарламасының аясында "Modernization of public consciousness: my civiс mindness" (Қоғамдық сананың модернизациясы: менің азаматтық позициям) студенттердің аймақтық ғылыми-практикалық семинары.

2018 ж. 29 қараша күні № 3 ғимараттың 357 дәрісханасында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дық "Шет тілі" кафедрасы "Modernization of public consciousness: my civiс mindness" (Қоғамдық сананың модернизациясы: менің азаматтық позициям) студенттердің аймақтық ғылыми-практикалық семинар ұйымдастырды. Бұл іс-шара ҚР-ның бірінші президент күніне орайластырылды. Көрсетілген іс-шара рухани жаңғыру және үштілді білім беру бағдарламасының аясында өтті.

Оған СҚМУ-дың тілдік емес мамандықтардың студенттері және әскери институттың кадеттері қатысты. Қатысушылар семинардың тақырыбы бойынша жобаларымен баяндама жасады, ағылшын, қазақ тілдерінде патриотизмге қатысты өздерінің пікірлерімен бөлісті. Семинар барысында баяндамалардың мазмұны бойынша 3 тілде пікір-талас болды. Семинардың қорытындысы бойынша жобаның барлық авторлары дипломмен марапатталды, ал ғылыми жетекшілерге сертификаттар берілді. Комиссияның құрамындағы Сырымбетова Д. С., Уразбекова Т.Е., Аликберова Л.А., сондай-ақ әскери институттың оқытушысы Е.С. Анцибордың талқылауынан кейін келесі түрде жүлделі орындар берілді:

1 орын - СҚМУ-дың ФМЕН 1 курс студенттері Нурмугамбетов Азат, Зырянов Романға «Society and Kazakhstan» баяндамасы үшін. Жетекшісі "Шет тілі" кафедрасының аға оқытушысы О.Г. Штро.

 

2 орын - Е.С. Анцибор оқытушысының жетекшілігімен әскери институттың кадеттері Аязбаев Айдос, Талгатов Султангазыға, "шет тілі" кафедрасының аға оқутышысы, магистр Л.Ш. Исмагамбетованың жетекшілігімен “Iam a citizen of Kazakhstan” жобасы үшін СҚМУ-дың ФМЕН 1 курс студенті Токкулова Шапагатқа берілді.

 

3 орын - Алешкина И.Х. аға оқытушысының жетекшілігімен «Модернизация системы образования в Казахстане» жобасы үшін ФИЭП СҚМУ 2 курс студенттері Жаксыбай Махаммедали мен Ашкен Айгеримге, Шевелева Н.П. аға оқытушысының жетекшілігімен «Модернизация в области молодежной политики» жобасы үшін ФИЭП СҚМУ 1 курс студенттері Биннатов Тимур мен Аугалиев Алдиярға, Л.Ш. Исмагамбетова аға оқытушысының жетекшілігімен «Iam a patriot of Kazakhstan» жобасы үшін ФИЦТ СҚМУ 1 курс туденті Шахуаданов Манасқа берілді.

Семинардың мақсаты сәтті орындалды: студенттер ұсынылған тақырып саласында ғылыми зерттеу жүргізді. Зертеудің нәтижелері Power-Point презентациясы және семинар арқылы жоба ұсынылып, үш тілде пікір-талас түрінде өткізілді. Барлық қатысушылар жобада қойылған мәселелерге қызығушылық танытты, өздерінің пікірлерін белсенді түрде білдірді. Жобаның авторларына көп сұрақтар қойылды және ол сұрақтарға толық жауап берілді. Семинарға қатысқан әскери институттан келген әріптестер әс-шараның ұйымдастырылуына жоғары бағаларын берді.

 

«Шет тілі» кафедрасының аға оқытушылары Кораблина Т.Н.

Шевелева Н.П.

Штро О.Г.

Исмагамбетова Л.Ш.

26.12.2018