CҚМУ-да «Саналы Ұрпақ» жобалау офисі ашылды

2018 жылдың желтоқсанның 25-і Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да «Саналы Ұрпақ» жобалау офисін ашты. Салтанатты жиынға оқу ордамыздың оқытушылары, белсенді студенттерімен қатар СҚО әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет те қатысты.

Жаңа жобаның негізгі мақсаты: білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік ортаны қалыптастыру болып табылады. Жиын барысында, Олжас Бектенов білім беру және кәсіби кадрларды даярлау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты жою бойынша басым бағыттарға назар аудару туралы атап өтті.

Ал облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Елена Степаненко университет және департаменттің тығыз қарым-қатынаста екенін айтты. Оған  "Жас қызмет" жас мемлекеттік қызметші мектебінің табысты жұмыс істеуі, сонымен қоса, осы жылы оқу ордамыздың 300 студенті таңдаған "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері" элективті курсы дәлел болуда . Бұдан бөлек, Олжас Бектенов ЖОО-да ұйымдастырылған студенттерге қызмет көрсету орталығы мен "Адалдық дүкені" жұмысымен танысты.

Атап өту қажет, университетімізде «QYZYLJAR» студенттерге қызмет көрсету орталығы өз жұмысын бастады. Ал оның басты мақсаты: білім алушыларға «бір терезе» принципі бойынша жылдам әрі сапалы қызмет көрсету. Орталықтың ашылуынан бастап онда жалпы саны 6 мыңнан астам мемлекеттік және студенттік қызмет атқарылған. Сонымен қатар, орталықта электрондық кезек ұйымдастырылып, өзіне-өзі қызмет көрсету секторы да жұмыс істейді. Бұндай студенттерге қызмет көрсету орталықтары СҚО-да техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында да қызмет етуде.

Шараның соңында меймандар М.Қозыбаев атындағы СҚМУ білім алушылары мен оқытушылар құрамымен кездесті.

25.12.2018