МЖҒФ Құттықтайды!!!

21 желтоқсанда ҚР білім және ғылым министрлігінің өкімі бойынша білім беруді цифрландыру жобасына сәйкес Алматы қаласында "Өрлеу" БАҰО АҚ өткізген «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының республикалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздар 22 номинация бойынша іріктелді, конкурсқа қатысуға барлығы 2700-ден астам жұмыс жіберілді. Біздің облыстан мектеп мұғалімдерімен бірге  М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушылары да қатысты.Республика бойынша «Жоо-ның профессорлық-оқытушылар құрамы» номинациясы бойынша 35 жұмыс ұсынылды. Байқаудың қорытындысы бойынша республикалық комиссия барлық 3 үш жүлделі орынды  біздің  факультетіміздің оқытушыларына берді:

1        орын - «Биология» кафедрасының оқытушысы Қ.С. Жадан

2                  орын -  «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі  Дюряхина А.Н. және аға оқытушы Островной К.А.;
            3 орын - «Биология» кафедрасының оқытушысы Иткулова А.С.


            Жеңімпаздарды ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев Ұстаздар үйінде дипломдармен, естелік сыйлықтармен, ақшалай сертификаттармен марапаттады.

25.12.2018