Сөздәйектер галереясы
Егер біздің қоғам дұрыс ұйымдастырылған болса, онда ғылымдардың ішіндегі ең маңыздысы педагогика болар еді, ал оның мақсаты әр балада өзіне тән және тек оған ғана тән асыл дарынын тауып, дамыту болар еді.
Ұрпақ сабақтастығын сақтаймыз
2018 жылдың желтоқсаның 11-і "Қазақстан халқы Ассамблеясы" кафедрасы 1 курс студенттеріне "Қазақтану" интерактивті білім беру лекториясы аясында "Қазақ халқының салт-дәстүрлері: шығу тегі мен мағынасы, рәміздері мен рәсімдері" тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріскер "Қазақстан халқы Ассамблеясы" кафедрасының меңгерушісі Людмила Гривенная мен тәрбие жұмысы департаментінің директоры Айғаным Бейсенбаева. Олар студенттерге қазақ халқының көптеген дәстүрлерінің шығу тегі мен мағыналық маңызын кеңінен түсіндірді.
Ал Ботагөз Тагудретова "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының оқытушысы және ИЯ-17-2-к тобының студенттері жиында "бесікке салу", "беташар", "сүйінші", "сәлем беру" сынды ұлттық салт-дәстүрлерді көрермен назарына ұсынды.
