М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ұжымы ҚР Президентінің халыққа Жолдауын талқылады

Қазір барша Қазақстан Елбасымыздың ұсынған бастамаларын белсенді талқылауда. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті де жай қалмады Жоғарғы оқу орнымыздың мыңдаған қызметкерлері жаңа бағдарламалық құжатты қуана қабылдады. 2018 жылдың 10-шы қазанында униерситетіміздің бас ғимаратының акт залында ҚР Президентінің Жолдауын талқылау мақсатында отырыс өтті. 

Елбасы өзінің сөзінде жақын арада жұмыс істеу бағыттарын нақты анықтады. Бұл табыс пен өмір сапасының артуы. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ерекше назарды білім беру жүйесін дамытуға және жастарды қолдау мәселелеріне аударды. Қазақстандық жоғары оқу орындары әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының тәжірибесін қабылдай отырып, алға қарай ұмтылу керектігін айтты. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Елбасының бұл бұйрығын іске асыра бастады. Биылғы жылы АҚШ, Польша, Иордания, Қытайдан 8 шет елдік топ-менеджерлер мен оқытушылар шақырылды. Солардың бірі - Литва ғалымы Саулюс Нефас.

Кездесуді академиялық мәселелер жөніндегі проректордың м.а Ербол Исақаев ашты. Ол университетіміздің жетістіктері мен алға қойылған жоспарлар туралы және болашақта шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып 18 жаңа білім беру бағдарламасының ашылуы, оның ішінде екі дипломды білім беру бағдарламасы бар. Түлектер СҚМУ мен шет елдік ЖОО-дан екі диплом алуға мүмкіндіктері бар. Бұл тәжірибе өзін жақсы дәлелдеді, өйткені біздің университет магистратураның 4 мамандығы бойынша Литва Витаутас Магнус университетімен әріптестікте табысты бағдарламаларды жүзеге асырылғаны туралы айта кетті.

Кейін білім ордасының ғалымдары сөз сөйледі. Өз баяндамаларында олар Елбасы Жолдауының басты бағыттарын қозғады. Түлектердің бәсекеге қабілеттілігі мен оқыту сапасын арттыру туралы да көп айтылды. Осыған байланысты университетте мақтануға болатын жайттар бар: 2016 жылмен салыстырғанда, студенттердің саны екі есе артты. Түлектердің 80 пайызы жұмысқа орналасты. Университет білім беру үдерісінде озық білім беру технологияларын белсенді енгізеді. Қазіргі уақытта еліміздің басым бағыттары бойынша агроөнеркәсіптік кешендегі инновациялар, нанотехнологиялар, робототехника, АТ-индустриясы және т.б..зертханаларды ашуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Білім ордасында  студенттердің жаңа құзіреттіліктерін қалыптастыруға ерекше көңіл аударылады. СҚМУ студенттері өзін-өзі басқару органдарында белсене қатысып, стартаптар мен бизнес-идеяларды дамытады. Бұл жұмысқа жаңа серпін беру Мемлекет Басшысының тағы бір бастамасын береді. Білетіндеріңіздей, 2019 жыл жастар жылы деп жарияланған, сондықтан студенттерді жаңа және жарқын жобаларды күтуде және оларды іске асыруға  студенттер қазірден-ақ дайын.

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушылары мен студенттерінің ойы бір.  Президенттің ағымдағы Жолдауы жоғары білім беру жүйесінің дамуына жаңа серпін береді, сондықтан да әрқайсысымыз осы жұмысқа белсенді түрде қатысуымыз керек , өйткені бірлесіп қана біз жаңа биіктерге қол жеткізе аламыз.

11.10.2018