М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың Басшылығы мен қызметкерлері СҚО активі отырысына қатысты

2018 жылдың 9-шы қазанында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың басшылығы, декандары және бөлім меңгерушілері Солтүстік Қазақстан облысының қоғамдық активі отырысына қатысты.

Талқылаудың басты тақырыбы - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы болды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов аймақтағы стратегиялық құжатты іске асырудың басымдықтары туралы айтты. Оның айтуынша, Солтүстік Қазақстан халқының әл-ауқатын және өмір сапасын одан әрі арттыру үшін үлкен жоспарлар белгіленді: «Мемлекет басшысы жаңа жылдан бастап ең төменгі жалақыны 28-ден 42 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды. СҚО-да  жалақы 43 мың адамда өседі. Ал салық ауыртпалығы 200 мыңнан астам тұрғында төмендейтін болады».

Іс-шараны қорытындылай келе, кездесудің қатысушылары Мемлекет басшысы тағы бір мәрте барлық салаларындағы адамдарға алаңдаушылық білдіріп, кезеңді проблемаларды шешу алгоритмін жасағанын айта кетті.

10.10.2018